» » Рухани жаңғыртудағы патриоттық сезімді ояту

 
 
 

Рухани жаңғыртудағы патриоттық сезімді ояту

Автор: admin от 7-02-2018, 11:08, посмотрело: 525

0 Рухани жаңғыртудағы патриоттық сезімді ояту

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің жарқын және де нұрлана түсуіне жағдай жасайтын 2017 жылдың 26 сәуіріндегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласы білім саласындағы біздердің мақсатымызды айқындауда және де сенімді алға басуға зор серпін беріп отыр.
Менің бүгінгі баяндамам «Рухани жаңғыртудағы патриоттық сезімді ояту» тақырыбында Елбасымыздың баяндамасына үн қосу.
Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім және тәрбие беру жалпы адамдық, жалпы ұлттық, этномәдени және жеке құндылықтардың үйлесімді синтезіне бағытталған, олар адамға, қоғамға қызмет етуде өзін бар қырынан көрсетуге, өмірдегі өз ролін және өз тағдырын ұғынуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану білімнің құндылықты мағынасын нығайта отырып, риясыз сүю, өз-өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, көбірек тануға және өзін-өзі жетілдіруге, физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық даму тұрғысынан үйлесімге жету мүмкіндіктерін дамытады.
Тіл – мемлекеттік ұлттық құндылығымыз. Құндылықтарымызды қастерлей отырып тереңдету, оған сүйіспеншілікті қалыптастыру – отаншылдық пен қазақстандық патриотизмді оятады. Жаһандық ғаламданудың кеңеюі,ақпараттық технологиялардың өріс алуы, білім беру нәтижесіне халықаралық талаптардың күшеюіне байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлтымыздың әлеуетін оятуға және оны жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет», деп барлық білім беру жүйесінің қарқынды дамуына, ертеңгі болашағына тұғыр боларлық міндет жүктеді. Халқымыздың ардақты азаматы Мұстафа Шоқай: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды», - деп ұлт болашағын ұлттық мектепте ұлттық рухта тәрбиелеу қажеттігін көрсеткен.
Кез-келген ұлтты алға сүйрейтін бірден бір күш - білім мен өнер. Білім ұясында өркенді істер мен өрелі қадамдары - оқу мен тәрбиені егіз ұғымдай ұштастырудағы жүйелі жұмыстарының жетістіктерінен көрініс табуда.
Мектептің білім беру процесінде оқушыларға азаматтық-патриоттық тәрбие берудің қолайлы жағдайлары жасалынған. Жас ұрпақты отандық мәдени құндылықтарын бағалауға, оның өткен тарихи-мәдени кезеңдеріне құрмет сезімін ояту, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту арқылы тұлғаны әлеуметтендіруге бағытталған. Осы тұста өз мектебімде оқушыларымызға өзін-өзі басқарудың түрлі бағыттарын ұсындым. Атап айтар болсам,Елбасымыз Н .Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған бүгінгі таңда оқушылардың бойында рухани патриоттық тәрбие қалыптастыруда өз жемісін беріп отырған «Жас қыран» балалар және «Жас ұлан» жасөспірімдер ұйымының алатын орны ерекше.Сонымен бірге, үш тілділікті қалыптастыру және оны дамыту мақсатында 1 «А» сыныбында қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілінде бастауыш сынып мұғалімі Н.Үсенбекова , орыс тілі пәні мұғалімі С.Рыскельдиева, ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Мұсабекова «Үш тұғырлы тіл» тақырыбында ашық тәрбие сағат өтілді. Дәл осындай жасөспірімдердің бойындағы рухани адамгершілік және патриоттық тәрбиенің қалыптасуындағы алғашқы қадамдарына басшылық жасау және ұйымдастыру ұлт болашағын ойлайтын зияткер, зерделі болашақ иелерін тәрбиелеудегі біздің қосқан үлесіміз болары анық.
Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой – өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.Елбасы сананы жаңғыртуға қабілетті, мықты, біртұтас мемлекет қалып-тастыру үшін ауқымды әрі фун¬даменталды жұмысқа кірісуіміз тиіс деп санайды. Яғни, бұл еліміздің әрбір азаматына қатысты нәрсе. Туған жерге деген сүйіспеншіліктен туындайтын патриоттық сезімді оятуға назар аудару керектігін алға тартады. Сонымен қатар, ұлттың дамуына мәдениетті, ынтымақтастықтың аясын жаңғыртуымыз әрбіріміздің үлесімізде. Ұлт жетістігінің басты фак¬торы – минералдық ресурс емес, адам. Сондықтан сананы жаңғырту қажеттілігін түсіну, жаңашалыққа ұм¬тылу – жарқын болашақ құрудың негізгі факторы.
Сонымен қатар, еліміздің барлық салаларында қызмет атқарып жатқан мемлекеттік қызметкерлердің патриоттық сезімдерін оята отырып, сыбайлас жемқорлықпен күресу жолында ішкі адамгершілік уәждерінің жоғары болуына және де әрбір Қазақстан азаматының «Мен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеймін» ішкі ұстанымының іс жүзіне асыратын мақсатының қалыптасуына қолдау білдіруіміз қажет.
Ең бастысы – бағыт- бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.

[center]Рухани жаңғыртудағы патриоттық сезімді ояту

Рухани жаңғыртудағы патриоттық сезімді ояту

Рухани жаңғыртудағы патриоттық сезімді ояту

Рухани жаңғыртудағы патриоттық сезімді ояту

Рухани жаңғыртудағы патриоттық сезімді ояту

Рухани жаңғыртудағы патриоттық сезімді ояту

Рухани жаңғыртудағы патриоттық сезімді ояту

Рухани жаңғыртудағы патриоттық сезімді ояту

Рухани жаңғыртудағы патриоттық сезімді ояту[

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.