» » Қашанда рухы биік - Қазақ елі

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

Автор: admin от 1-02-2018, 09:19, посмотрело: 797

0 «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тарих мұрасы
Мерзімді баспасөз беттерінің қай – қайсысын ашып қарасаңыз да әлеуметтік желілердің жаңарту беттерін қарасаңыз да қазіргі таңда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын бағдарламалық мақаласы туралы кеңінен талқыланып жатқан пікірлерді көресіздер. Қоғамдық ой өрбітуді тудырған осынау келелі мақаланың мәні де, мағынасы да бөлек. Бұл –Ұлт жоспарының аса ауқымды бөлігі. Расымен, осы уақытқа дейін Елбасы Н.Ә.Назарбаев халқымызға жыл сайын өзінің Жолдауын жолдап, халықтың келешегіне бағыттап, жол нұсқап отырды. Ал осы мақаласы –сол жоспарлы жоспарлармен біте қайнасқан, тамыры бір өзектес асыл идея. Көзі қарақты оқырманға осынау кең құлашты мақала туралы жазылған пікірлер мен үндеулердің бәрі таныс. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері де, ақындарымыз бен жазушыларымыз да, өнер адамдары да өз ойларын ортаға салып, көз қарастарын білдіріп үлгерді. Мен де ел азаматы ретінде осы мақаланы оқып, ұзақ уақыт бойы іштей толғанып, алған әсерімді таразылап, саралап көрген едім. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында, Қазақстан халқына одан бұрынғы жолдауларында, сұқпаттарында тарихтан сабақ алатынымызды, сондықтан болашақ елдің ұрпақтарына халқымыздың, Тәуелсіздіктің тарихын білуі керектігін еске салып отырады. Халқымыз тарихында жерді, елді сыртқы жаудан қорғаған, тәуелсіздікті аңсап, бодандыққа қарсы бас көтерген батырлар да, қайраткерлерде жетерлік. Бірақ Тәуелсіздік болмаса қазақ халқының болашағы күмәнді екенін айтып, бодандық құрсауынан шығуды, еркіндік үшін күресті білімділікпен ұйымдастыра білген үркердей топ 2Алаш ардақтылары өткен ғасырдың басында тарих сахынасына шыққан еді. Алаш қайраткерлері өткен ғасырдың 30-жылдары өздері саяси қуғын-сүргінге ұшырағанға дейін халқы мен елінің білім, әдебиет, мәдениет, экономика, ғылым салаларындағы жауапкершіліктің барлығын арқалады, бодандықтан шығып, жеке мемлекет болуын армандады, сол үшін саяси талап қоя білді. Алаш қайраткерлерінің әрекет-қызметі, идеясы, бағдарламасы ұлттық мемлекеттілігіміздің негізгі іргетасын қалады. Сондықтан Алаш ардақтыларын ұмытуға хақымыз жоқ, «Тарих елдің айнасы, тарихтан ел өткен уақыттағы мінін көреді. Айна жоқ болса адам бет, ауызын көре алмайды. Тарих жоқ болса, ел өткен күнін һәм мінін көре алмайды. Мінін көре алмаған соң өмірін оңдай алмайды. Оңдай алмаған соң мәжнүн болып құдыққа құлайды» деп жазады Ә.Бөкейханов. Демек, ұлттық кодты сақтау өткенімізді, тарихымызды білуге тәуелді етеді деді. Ой-арманы да, күресі де, қайғысы да халқының бостандығы туралы болған Алаш қайраткерлерінің де тарих туралы көзқарасы осыған саяды. Алаш партиясының Тәуелсіздік үшін күресі мен халқымыздың руханиятын биіктетудегі еңбектерін өзіміз сосын өзімізден кейінгі ұрпақтарға насихаттауымыз қажет. Біз Тәуелсіз, гүлденген, бейбіт Қазақстанда өмір сүріп отырмыз Сондықтанда сіз бен біз Алаш дана қайраткерлердің ұлы еңбектерін ұмытпауымыз керек.


Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тарих мұрасында баяндалған дала данагөйлері.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тарих мұрасы кіші бағдарламасында «Өзенге бие байлатып, төскейге орда орнатып, төрткүлдеп ошақ қаздырып, төбел бие сойғызып, төменде бидің кеңесін, бізде бір құрар ма екенбіз» деп жырлаған Ақтамберді, «Кетбұғадай билерден кеңес сұрар күн қайда?» деп толғаған әйгілі Доспамбет жыраулардың тау суындай тулаған ағынды жырларының өзі – ақ данышпан дала билерінің салмағы мен салтанатын айғақтап тұрған жоқ па? Болашаққа барар жолды заманалар борасыны жасырған бабалар ізімен қайта жалғап жатқан осы бір жарқын шақта қай заман болсын елдікке ерен еңбек сіңірген, бөлекті біріктіріп, дауды қош, жауды дос қыла алған туабітті қасиетімен өлмес өсиет қалдырған, бітімі ерек, болмысы бөлек билеріміз жайында аз-кем болса да айту аға буын ерлердің міндеті санадым. Түпкі сөзді түркілерден бастасақ, олар ерте дәуірден заманының заңын түзген, тілге ұста, елге тұтқа тұлғаларды би/бей/бек деп атаған. Бидің тамыры өте көне терең дәуірде жатыр. Оған әрине тарихтың өзі куә. Тарихта таңбаланған билердің арғы атасы дана Тоныкөк екені анық. Оның ордасы Орхон дариясындағы Білге қаған ордасынан шалғай Тоғала өзені сағасында дербес орналасты. Ордадан алыс халыққа жақын болған абыз елдің ішкі рухани өмір-тіршілігін қадағалап, даналық сөздермен ұлысты ұйыстырып, жұртына арқа тіреген. Ол ресми билікке айбарлы сөздерін арнау, толғау түрінде айтып, тілектерін орындатып отырды. Артына халқына азық, хандарға қазық болатын даналық толғау, өсиетті нақыл сөздер қалдырды. Көне түркілік бек мансабы кейіннен биге ұласты. Билердің қызметі мен міндетінің тамырын тап басып таныған сөз зергері Сәкен Сейфуллин билердің құдіретіі хандар мен батырлардан да айбынды екендігі туралы айта отырып, қазақ әдебиетінің тұтас бір дәуірін «Билер дәуірі әдебиеті» деп атауы тегін емес. Өйткені халық мұрасын байытқан мақал-мәтелдер, өсиет-толғаулар, ғибратты нақылдар мен тәмсілдер билерге қатысты таралған. Билер мен бектердің халық арасындағы жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал дауындағы әділ шешімдері уақыт өте келе саралана түсті. «Мың өліп, мың тірілген» халқымыз басынан небір зұлматты жылдарды, қиын кезеңдерді өткерді. Данышпан би бабалар түзім еткен әдет-ғұрып заңдары нығайып, шыңдалып, кемелденіп, дала демократиясының негізін қалаған. Біздің тәңііріміз – ауыл! Себебі, ауыл – қазақтың жаны, рухы, тіл, діні. Одан айырылсақ, қалаға кетіп жұтылып кетсек, халықтық бейнемізден айырыламыз. Меніңше Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – қазақ елінің сатылы дамуына септігін тигізері, күннен –күнге жаңарған нанотехнологиялардың дәуірінде, жаһандану процесі жүрген ХХІ ғасырда қазақ баласының ұлттық рухын сақтап, ұлттық кодын жете тануына мұрсат берген, рухани кедейленудің алдын алуға бағытталған құнды дүние. Сайып келгенде, рухани жаңғыру дегеніміз – ұлт көктемі Көктемде көгеріп шыққан осынау балауса идея қазақ елінің мәңгілік мұратына жеткізер деген ойдамыз.


Рухани жаңғыру -Ұлт көктемі
Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан кең байтақ қазақ даласы не бір кереметтерден кемде емес! Тарбағатай мен Жетісудың – аспанмен таласқан заңғар таулармен, батыс – ақ шағал құм жапқан сағымды жазық белдерімен, Торғай –ұлттьң ұясы, тарихтың тұмасы. Қазақ даласындағы тұңғыш мектептің іргетасын қалаған, білімнің шамшырағы жағылған қасиетті жер. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі.Бұл рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі халық өзінің ұлттық құндылықтарынан ерікті, еріксіз түрде қарап біріктіріп ауыз біршілік пен көркейтіп, өсіп келе жатқан ұрпақтың санасын жаңғыртып болашақ иелері жастарымыздың көз қарасын, танымын, түсінігін жақсы жаққа дамытып ел игілігі үшн жұмылдыруымыз керек екенін түсіндіріп өтті. Коммунизмді айқайлап шақырып алатындай, ұрандатып жүрген аға буындардың ісін түзетіп. Құдайға шүкір, ата- бабамыз аңсаған тәуелсіздік бақ құсындай келіп қонды. Бұрынғы саптыаяққа ас құйып, сабына қарауыл қойған» бодандықтан құтылдық. Шекарамыз ашылды, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында, Қазақстан халқына одан бұрынғы жолдауларында, сұқпаттарында тарихтан сабақ алатынымызды, сондықтан болашақ елдің ұрпақтарына халқымыздың, Тәуелсіздіктің тарихын білуі керектігін еске салып отырады. Халқымыз тарихында жерді, елді сыртқы жаудан қорғаған, тәуелсіздікті аңсап, бодандыққа қарсы бас көтерген батырлар да, қайраткерлерде жетерлік. Бірақ Тәуелсіздік болмаса қазақ халқының болашағы күмәнді екенін айтып, бодандық құрсауынан шығуды, еркіндік үшін күресті білімділікпен ұйымдастыра білген.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»[/center]

[center]«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

Категория: Мектеп дәстүрі